Kyzylorda-news.kz. **Halyk Bank-тен пәтерлер ұтыс ойынының екінші кезеңі нәтижесінде бірнеше минуттың ішінде тағы бір мұғалім *Алматыдағы* «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі жайлы жабдықталған жаңа пәтердің иесі атанды.**
Әлімжан Оразов, № 95 орта мектептің психолог мұғалімі, Шымкент қаласында тұрып, жұмыс істейді. Үш баласы бар мұғалім ешқашан Алматыға көшу туралы ойланбаған, бірақ асығы алшасынан түсіп, ол ойламаған жерден «Әр ай сайын пәтерлер ұтыс ойыны» бойынша қараша айында Алматы қаласында «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешеніндегі 3 пәтердің екіншісін ұтып алып, Halyk Bank-тің ауқымды акциясының жеңімпазы атанды.
“Отбасым, жұбайым, үш балам, жақсы көретін жұмысым Шымкентте, – дейді Әлімжан Оразов, – Күні кешеге дейін басқа қалаға көшу қажеттілігі туралы ой болмады, бірақ кіші баламның денсаулығы сыр беріп тұрғылықты мекенжайымды ауыстыру туралы ойлана бастадым. Расында да адамның ойы – материалды. Осыдан біраз уақыт бұрын автокредит бойынша Halyk Bank-те қайта қаржыландыру жасамақшы болдым, сол жерде менеджерлер мен автоматты түрде Алматыдағы пәтер ұтысының қатысушысы болғаным туралы айтты. Мен оны ескердім, бірақ, шынымды айтсам, аса мән берген жоқпын – Halyk сияқты банктің клиенттері көп қой. Ал енді мынандай жаңалық! Жұбайым мен отбасыма, туыстар мен жерлестеріме сүйінші хабар айттым. Жаратушының, сәттіліктің және Halyk Bank-тің арқасында көлігім де, пәтерім де бар! Барлық клиенттерге, барша қазақстандықтарға үміт үзбей, осындай керемет мүмкіндіктерді пайдалануға кеңес беремін. Міндетті түрде Сіздің де жолыңыз болады”.
Еске сала кетейік, казан айында Алматы облысы Қарасай ауданы Ұлан ауылының мұғалімі Ғалияш Барлыбаева пәтер ұтысы ойынының жеңімпазы болды.
Акцияның барлық талаптарын орындаған жеңімпаздар Банктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тікелей эфирде Halyk Bank қызметкерлері қатарынан тираждық комиссияның, сонымен қатар лицензиясы бар нотариустың қатысуымен кездейсоқ сандарды түзеу арқылы анықталады.
Акцияға қатысу талаптары өте қарапайым: Halyk Bank-те 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін 50% жеңілдікпен кредит немесе 24 айға дейін артық төлемсіз бөліп төлеу ресімдеп, әр ай сайын қызметтер үшін Homebank қосымшасында төлесеңіз жеткілікті.
«Әр ай сайын пәтерлер ұтыс ойыны» акциясының қатысушысы болу үшін мына талаптарды орындау қажет*:
- Мына кредиттердің бірін 2020 жылғы 20 желтоқсанға дейін алу:
- Бөлімшеде 500 000 теңгеден басталатын сомаға кепілсіз кредит
- Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден бастап онлайн-кредит
- Homebank қосымшасында 200 000 теңгеден бастап онлайн-бөліп төлеу
- Кезек күттірмейтін мұқтаждықтарға 1 000 000 теңгеден бастап кредит
- 1 000 000 теңгеден бастап ипотекалық қарыз, оның ішінде мемлекеттік бағдарламалар (“7-20-25 ипотекасы”, “Баспана -ХИТ” ипотекасы).
- Homebank-те кез келген төлемдер:
- Төлемнің ең аз сомасы – 1 000 теңге
- Төлемнің ең аз саны – әр айдың 20-шы күніне дейін 1 төлем (қараша, желтоқсан).
Алматының беделді ауданында орналасқан «Хан Тәңірі» тұрғын үй кешенінде жаңа пәтер ұтып алыңыз – «Halyk Bank-тен әр ай сайын пәтерлер ұтыс ойыны» акциясы бойынша кредит алыңыз, қызметтер үшін Homebank арқылы төлеңіз.
Акция туралы барлық соңғы жаңалықтар – Halyk Bank-тің Instagram-дағы (@halykbank.kz), Facebook-тегі аккаунттарында. Акция туралы соңғы жаңалықтар туралы хабардар болып, ұтыс ойынның күні мен нәтижелерін білу үшін, ресми аккаунттарға жазылыңыз.
* Ұтыс ойынға қатыспайтындар:
Halyk Bank қызметкерлері
Банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар
Осы ұтыс ойын шеңберінде пәтер ұтқан клиенттер
Ұтыс ойынын өткізу үшін тізім жасау күнінде:
Ұтыс ойынға қатысатын кредиттер бойынша мерзімінен бұрын толықтай немесе ішінара өтеу жасаған;
Ұтыс ойынға қатысатын кредиттер бойынша мерзімін кешіктіруге жол берген;
Банктегі кез келген кредит бойынша ағымдағы мерзімін кешіктіруі бар тұлғалар.




