Kyzylorda-news.kz Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауының өңірлік кезеңінде І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ұстаз «Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша «Ойсандық – оқу сауаттылығын дамытудың авторлық үш кезеңді моделі» атты педагогикалық идеясын ұсынды.

Биыл байқаудың өңірлік кезеңіне 7 бағыт бойынша 826 педагогтен өтінім келіп түсті. Конкурстық жұмыстарды бағалау қорытындысы бойынша шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланған 42 педагог жүлдегер атанды.

«Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша Гүлзат Шынтасованың педагогикалық идеясы үздік деп танылып, республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды.

Тағы да оқыңыз: