Kyzylorda-news.kz. 2020 жылғы 29 шілдеде сағат 09.00-16.00 аралығында Қызылорда облысының әкімі Г.Әбдіқалықованың қатысуымен «Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласындағы көрсетілетін медициналық көмектер» тақырыбында интернет-конференция өтеді.
Онлайн режимде өтетін конференция барысында облыс әкіміне тақырып аясында қоятын сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды https://dialog.egov.kz/ сілтемесі арқылы жолдауға болатынын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдау үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет екендігін ескертеміз.