Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Ұлттық валюта – Теңге күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады.
ҚҰРМЕТТІ ҚАРЖЫГЕРЛЕР!
Сіздерді Ұлттық валютамыз – Теңге күнімен және Қазақстан Республикасы қаржы органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
1993 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Ұлттық валюта – Теңге айналымға енді. Бұл күн Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің біріне, ал, Теңге – біздің ел Тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты белгісіне айналды.
Ел экономикасын дамыту туралы сөз қозғағанда оның күретамыры – жүз жылға жуық тарихы бар қаржы жүйесін айналып өту әсте мүмкін емес. Себебі, қаржыгерлердің қатысуынсыз бірде-бір саланың толыққанды қызметін көзге елестете алмаймыз.
Осы жылдар ішінде Сыр өңіріндегі қаржыгерлік мектебі де қалыптасып, өсіп-өркендеді. Камал Шөкенов, Бименді Баймаханов, Құттықожа Ыдырысов есімдері бүгінгі күні өңірдің қаржы тарихына алтын әріппен жазылып қалса, Қалқазбек Әжібеков, Сейітсұлтан Әйімбетов, Дайрабай Ысқақов, Мырзахмет Ауанов, Болатбек Жасақбаев, Майдан Мәселеева, Райхан Искаковалар қоғамдық деңгейде белсенді үлес қосуда.
Қымбатты қаржыгерлер, Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қаржыгер және Ұлттық валютамыз – Теңге күнімен тағы да құттықтай отырып, ел мүддесі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Тәуелсіз Қазақстанымыздың және Сыр өңірі экономикасының қаржылай ахуалын нығайту жолындағы істеріңіз берекелі болсын!
Сіздерге мықты денсаулық, отбастарыңызға амандық тілеймін!
Сыр өңірінің қаржы қазаны ортаймасын, еліміздің ырыс-құты арта берсін, несібеміз мол болсын!