Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қазақ күресінен өткен турнирде үздік атанған спортшыларды құттықтады.

«Тұңғыш Президент күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жылдың ең үздік балуанын анықтау мақсатында өткен қазақ күресінен «Үздіктердің үздігі» турнирінде облыс намысын 5 спортшымыз қорғады.

Нәтижесінде 2 спортшымыз 1-орынға ие болды.

55 келі салмақта – БЕКЖАН ТӨЛЕПОВ;

+100 келі салмақта – МАҚСАТ ИСАҒАБЫЛОВ.

Бас балуан атағына ие болған алтын жүлдегерлеріміз -МАҚСАТ пен БЕКЖАНДЫ Сыр жұртшылығы атынан қуана құттықтаймын! Сыр спорты жасай берсін», – деді облыс әкімі.

Тағы да оқыңыз: