Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова сырбойылықтарды ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.

ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР! Сіздерді еліміздің ең басты ұлық мерекесі – қастерлі де қасиетті ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ 30 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – әлем картасында ойып өз орнын алған Қазақстанның орда бұзар жасы!

Бабалар ұланғайыр жерімізді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, сан ғасыр егемен ел болуды арман етсе, сол арманына 1991 жылы ұрпағының қолы жетті.

Тәуелсіздік – бұл ең асыл, киелі құндылық қана емес, келер ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік! Әлемдегі қандай халық үшін де азат ел болудан асқан ұлы мақсат жоқ. Егемен ел бола алмай жүрген мемлекеттер қаншама. Соларды еске алсақ, Тәуелсіз ел екенімізге шүкіршілік дейміз!

Тәуелсіз Қазақстанның бүгінге дейін жеткен жетістігі мен алған биігінде әрбір сырбойылық азаматтың лайықты үлесі бар. Қандай да бір ісіміз жемісті, нәтижелі болса, ол сіз бен біздің үйлесімді тірлігіміз бен берекелі бірлігіміздің арқасында деп білемін.

Сіздерді ең маңызды ұлттық мерекемізбен құттықтай отырып, әр отбасына амандық, ырыс-құт тілеймін!

Сүйікті Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстанымызды одан әрі нығайту жолында аянбай еңбек ете берейік! Еліміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ғұмыры мәңгілік болсын! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Тағы да оқыңыз: