Гүлшара Әбдіқалықова қос депутатқа «Құрмет грамотасын» табыстады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Гүлшара Әбдіқалықова қос депутатқа «Құрмет грамотасын» табыстады

15.01.2021, 17:40

419 0

Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Наурызбай Байқадамов пен Мақсұт Нәлібаевпен кездесіп, оларды жаңа қызметімен құттықтады.

«Сіздер бұған дейін де еліміздің даму жолында аянбай қызмет етіп, облыс әкімінің орынбасары, кеңесшісі қызметін атқардыңыздар. Ағымдағы жылдың 10 қаңтары күні өткен сайлау нәтижесімен облыстық мәслихаттың депутаттығына өттіңіздер. Сіздерді сайлау нәтижесімен облыстық мәлихаттың депутаты болуларыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденцияның қалыптасуы мәслихаттың жұмысымен де тікелей байланысты екенін ерекше атап өткім келеді», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Мұнан соң аймақ басшысы қос депутатқа Қызылорда облысының «Құрмет грамотасын» табыстады.

Жиын соңында Наурызбай Байқадамов пен Мақсұт Нәлібаев көрсетілген құрмет үшін аймақ басшысына алғыстарын жеткізді.

Айта кетейік, Наурызбай Байқадамов облыстық мәслихаттың хатшысы, Мақсұт Нәлібаев облыстық мәслихаттың депутаты болып сайланды.

0

Пікір қалдыру