Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында халықтың 65 пайызы табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие болған. Бұл туралы аймақ басшысы брифинг барысында хабарлады.
«Үкіметтің қолдауымен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешудеміз. Бүгінде облыс халқының 97 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілсе, 65 пайызы табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 67,4 пайызға жеткіземіз», – дейді Гүлшара Наушақызы.
Сонымен қатар жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін жыл аяғына 75 пайызға дейін жеткізу көзделіп отыр.