Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова экономиканың негізгі секторларында басты көрсеткіштерді айқындайтын 2021 жылдың Іс-қимыл жоспарына арналған жиын өткізді.

Аймақ басшысы 2021 жылы өңірдің экономикалық табыс деңгейін арттыруға арналған нақты жоспар бойынша маңызды жоспарларды саралады.

Жиында облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай биылғы жылы іске асатын маңызды жобалар мен басым бағыттар бойынша алдағы жоспарларды тізбеледі. Бұдан былай көрсеткіштердің орындалуы бойынша ай сайынғы жоспарлар қойылып, басқарма басшылары межеленген көрсеткіштердің орындалуы бойынша есеп береді.

Облыс әкімінің Іс-қимыл жоспар жобасы экономика салаларының басты индикаторларын айқындайтын 6 негізгі бағыттан тұрады. Жоспар 2021 жылы бюджеттік және бюджеттік емес қаржылардан жүзеге асырылуы жоспарланған негізгі іс-шараларды қамтиды.

Алдағы кезеңде негізгі тірек салалар бойынша жобалар іске асып, маңызды құрылыс нысандары салынады. Инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін арттыру, өндеу өнеркәсібі саласын дамыту бағыттағы бірқатар жұмыстар іске асады. Адами капитал сапасын арттыруға арналған жобалар қабылданып, білім, медицина, мәдениет, спорт салаларында түрлі бастамалар жүзеге асады.

Отырыс соңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова орынбасарларына жоспарға енген әрбір жұмыстың орындалуы, нақты индикаторлық көрсеткіштерді кешенді түрде іске асыруды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: