Kyzylorda-news.kz. Қымбатты жерлестер! Сіздерді мемлекеттік мерекеміз 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Тәуелсіз Қазақстанның әлем картасында өз орнын алып, жер жаһанға танылуында оның іргетасын қалып, шекарасын шегендеген Елбасымыз – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі орасан шексіз.

Біз үшін ең маңызды құндылықтар – елдің ауызбіршілігі мен бейбіт өмірдің арқасында алға нық адымдап, мемлекет ретінде дамуға мүмкіндік алдық.

Сондықтан да, Тәуелсіздік туы желбіреген 30 жылға жуық мерзім ішінде қол жеткізген зор жетістіктеріміздің бәрінің бастауында Елбасы тұр деп мақтанышпен айта аламыз. Осы ретте, Тұңғыш Президент күні мерекесінің ресми бекітілуі – халықтың Елбасына деген шынайы құрметі мен ыстық ықыласы.

Баршаңыздың Ұлы Даланы Мәңгілік елге айналдыруды мақсат еткен Тұңғыш Президентіміздің идеясы аясында бірігіп, сүйікті Қазақстанымыздың әлемдегі аса қуатты мемлекет болуына аянбай еңбек етіп, бірлігімізді, бейбітшілігімізді одан әрі сақтауға шақырамын.

Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбастарыңызға бақ-береке, амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ғұмыры мәңгілік болсын!Еліміз еңселі, елін сүйген Елбасымыз аман болсын!

Тағы да оқыңыз: