Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздің ертеңіне арнаған кезекті жолдауы келешекке деген нық сенім беретін тарихи құжат деп бағалауға болады. Тарихи сәтпен, жаңа реформалар алдында тұрған еліміздің саяси өзгерістерге нық,әрі сеніммен бет бұрғанын көрсетіп тұрғандай, деп мәлімдеді Қызылорда қаласындағы Ә.Молдағұлова атындағы №173 орта мектептің директоры Гүлмира Қоңырбаева.

Әділетті жаңа Қазақстан құрудың сара жолын салмақтаған Қасым-Жомарт Кемелұлы ел экономикасының тарихи мүмкіндіктерінің тамырын талдап,даму нәтижелерінің мүмкіншілігін қарапайым халық көруі керектігін нақтылап берді. Білім саласына баса назар аударды:
Орта білімнің сапасы-табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты.Әрбір оқушының білім алып,жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс.Сол үшін «Жайлы мектеп ұлттық жобасы» қолға алынды.

Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партияға мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екенін заң жүзінде ресімдеуді ұсынамын. Бұл норма саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды. Осылайша, біз еліміздің болашақтағы көшбасшыларын негізгі саяси институттарды өзіне бағындырып алуға құмар болудан сақтаймыз.

Саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру. Бұл жұмысты сайлау үдерісі арқылы да жүзеге асырамыз.

Жаңа Қазақстанды құру ісі адал әрі еркін саяси бәсеке болуын қамтамасыз етуден бастау алады. Осыған байланысты, біз партияларды институционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша қолайлы жағдай жасауымыз керек.

Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар. Ата заңымыз – еліміздің бүкіл құқықтық жүйесінің тірегі. Алайда, белгілі бір заң актісі немесе шешім оған сай келе ме деген сұраққа нақты жауап беру қиындық тудыратын кездер болады.

Біз ең басты құндылығымыз – Тәуелсіздігімізді сақтап, ұлттық бірегейлігіміздің негізін нығайтып, елімізді жаңғырту жолында ұйысуға тиіспіз. Президентіміздің жолдауын қолдап,оны бірге жүзеге асыруға шақырамын.

Тағы да оқыңыз: