Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Google гаджеттерін қоқыс қалдықтарынан жасайды

31.10.2020, 16:00

179 0

Kyzylorda-news.kz. Алдағы уақытта Google компаниясының барлық электроника құрылғысы «қоқысқа» айналады. Компания өнімдерін экологияға зиянсыз етіп жасау үшін қоқыс қалдықтарын материал ретінде пайдаланбақ.

2025 жылға таман Google өнімінің тең жарысы қайта өңделген не болмаса жаңартылатын ресурстардан жасалады. Бұдан бөлек компания өнімдерді қаптайтын қорапшада қолданылатын пластиктен түбегейлі бас тартпақ. Оның орнына қайта өңделетін материалды пайдаланады. 

«Өнімдеріміз толық экологиялық нормаға сай ету үшін қайта өңделетін материалдардың басқа да түрін табуға тырысамыз. Біз серіктес компаниялармен біріге отырып, зертханада талдау жұмысын өткізіп жатырмыз. Алдағы уақытта өзге компаниялардың тәжірибесіне сүйене отырып, алға қойған мақсатымызға жетеміз», – деп мәлімдеме жасады компания.

Google-дың Pixel 5 смартфонының панелі толықтай қайта өңделген алюминийден жасалған. Ал Nest Audio «ақылды» дыбыс шығарушының корпусы және Nest Thermostat термостатын жасауда қайта өңделген пластик қолданылды. 

Компания 2025 жылға дейін қойған мақсатында қайта өңдеуге жарамды материалдарды өнімдерін жасағанда артылып қалған қалдықтардан алмақ. Осылайша компания қоқыстың мөлшерін барынша азайтпақ.

Massaget.kz

0

Пікір қалдыру