Kyzylorda-news.kz. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары және Коммерцияландыру бөлімінің қызметкерлері ғылыми жобаларды жүргізу, жүзеге асыру мақсатында ғылымды коммерцияландыру жұмыстарын жүргізуде.
Осыған орай оқу орнының ғалымдары Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған мүмкіндіктерді ескере, аймақтың және өндіріс орындарының қажеттіліктеріне қарай мәселелерді анықтап, оны ғылыми негізде шешу және тиісті ұсыныстар беру бағытында әріптестік байланыс орнату мақсатында кездесу өтті. Университет ғалымдары ЖШС «Азия Камыш» өндірістік базасымен танысты. Сонымен қатар, ғылыми жұмыстар жүргізу, ғылымды коммерцияландыру бағытында келісімге келді.
Бүгінде университет ғалымдарымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық саласын ғылыми тұрғыда дамыту, сонымен қатар ғылым мен өндірісті интеграциялау мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізілуде. Өңірдегі бірнеше ірі кәсіпорынмен индустриялық-инновациялық жобалар iске асырылуда.