Tauelsizdik

Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында екі күнге жоспарланған ғылыми-технологиялық сессия өз жұмысын бастады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамыту, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу және ғылым мен экономиканың өзара байланысын нығайту міндеттерін айқындаған болатын. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүзеге асыру өңірдің ғылыми әлеуетін арттырып, экономикалық дамуына серпін береді.

Қорқыт 1.jpeg

Сессияның алғашқы күні өңір ғалымдары бірқатар өндіріс орындарын аралап, кәсіпорындардың қызметі және технологиялық мүмкіндіктерімен танысты. Атап айтқанда, қатысушылар «Абзал и К» ЖШС-нің күріш өңдеу зауытында, «Алтын Орда» ЖШС-нің тұз өндіру кәсіпорнында, «AKSA Energy» ЖШС-нің жылу электр орталығында, «Orda Glass LTD» шыны зауытында, «Панабек» ЖШС-нің жиһаз өндіру және «Жанзере» ЖШС-нің арнайы киім тігу кәсіпорындарында болды. Сондай-ақ «Ботаникалық бақ» саябағының қызметімен танысты.

Өндіріс орындарына ұйымдастырылған сапардың негізгі мақсаты – ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, кәсіпорындардың өзекті мәселелерін анықтау, оларға ғылыми негізделген шешімдер ұсыну және инновациялық технологияларды енгізу мүмкіндіктерін қарастыру.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті үшін ғылым мен өндірістің ықпалдастығын арттыру – стратегиялық басымдықтардың бірі. Ғылыми зерттеулерді нақты өндірістік міндеттерді шешуге бағыттау және ғалымдар мен кәсіпорындар арасындағы байланысты нығайту өңірдің инновациялық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

Сессияның келесі кезеңінде өңірдің ғылыми-технологиялық даму бағыттары, өндірістегі өзекті мәселелер және өзара ынтымақтастықты кеңейту тетіктері талқыланады.

Ғылым мен өндірістің бірлескен жұмысы – жаңа технологияларды игерудің, экономиканы дамытудың және өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды тетігі.

Тағы да оқыңыз: