Kyzylorda-news.kz. ҚР Білім министрлігінің тұжырымдамасына сәйкес, Қызылорда облысындағы барлық кәсіптік білім беру ұйымдарында «Жұмыс беруші күнін» мерекелеу шаралары ұйымдастырылды. 

Салтанатты шара Исатай Әбдікәрімов атындағы жоғары агротехникалық колледжде де өтті. 

Шарада Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов бірқатар кәсіпкерлер мен мекеме басшыларын Білім министрінің, облыс әкімінің және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Алғыс хатымен марапаттады.

Марапатталғандардың қатарында ғылымның дамуына үлкен үміт беріп жүрген жас, Ыбырай Жақаев атындағы қазақ-күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының қызметкері Ержан Натишаев та бар. Ол институттың күріш шаруашылығы және ауыспалы егіс бөліміне жетекшілік етіп, жұмыс істеп келеді.

Ержан Натишаев ауыл шаруашылығы саласына әлеуетті кадрларды дайындауда ғылым мен білімнің ықпалдасуындағы еңбегі еленіп Білім министрі Асхат Аймағамбетовтың Алғыс хаты табыс етілді. Жас қызметкер аграрлық-техникалық колледжінің студенттерін институттың ғылыми жұмысына тарта отырып, оқу үдерісіне белсене қатысуда. 

Айта кетейік, «Жұмыс берушгі күні» шарасының мақсаты - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында кадрларды даярлау сапасын арттыру және жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау.

316020598_838132770664156_3622915859654281953_n.jpg

Тағы да оқыңыз: