Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ғалымжан Еркебайдың төрағалығымен жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын жақсарту мақсатында  құрылған жұмысшы топтың отырысы өтті.

​Жұмысшы топ жиын барысында ең алдымен үлкен сыйымдылықтағы қоғамдық көліктерге сараланған тарифті енгізу мәселесін талқылады. Сараланған тарифтің артықшылығы жолаушылар қоғамдық көлік қызметіне қолма-қол 130 теңге, электронды түрде 85 теңге көлемінде төлем жасайды. Қазірдің өзінде жолаушылардың 91 пайызы электронды түрде төлем жасаса, қалған 9 пайызы ғана қолма-қол тәсілге жүгінеді.

​Жолаушылардың жаппай электронды түрде төлем жасауы – көлеңкелі кәсіптің алдын алудың бірден-бір жолы, қаржы ағындарының ашықтығын қамтамасыз етіп, автопарктің кірісін арттыруға ықпалын тигізеді.

​Бұдан бөлек, жиында халықтың әлеуметтік осал топтарына, оқушыларға, студенттерге, зейнеткерлерге жеңілдік қарастыру бойынша ұсыныстар енгізілді.

​Айта кету керек, аталған жұмысшы топтың құрамында облыстық және қалалық әкімдік өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жолаушылар тасымалы саласындағы мамандар, қоғам белсенділері және жастар бар.

Тағы да оқыңыз: