[**Kyzylorda-news.kz.**](https://kyzylorda-news.kz/) **АҚШ-тың Стэнфорд университетінің ғалымдары адамның қартаю процесі бірнеше кезеңге бөлінетінін анықтады, деп Sputnik Қазақстан.** Мамандар 18 және 95 жас аралығындағы 4263 адамның қан плазмасының ақуызын зерттеген. Жасқа байланысты оның құрылымы өзгеретіні белгілі болды. Зерттеушілер қан плазмасы ақуызындағы негізгі өзгеріс үш кезеңге бөлінетінін анықтады: 34, 60 және 78 жас. Мамандар бұл зерттеу жасқа байланысты ағзадағы өзгеріспен әлдеқайда тиімді күресуге жол ашатынын айтады