Kyzylorda-news.kz. Нидерланды елінің ғалымдары инесіз инъекция жіберуге мүмкіндік беретін технологияны ойлап тапты, деп хабарлайды Stan.kz.

Ине орнына “лазерлі пистолет” қолданылады. Теріге жіберілген дәрінің ұсақ тамшылары ағзаға сіңеді. Мұндай инъекция жүйке ұштары жиектеріне тимегендіктен, мүлде ауыртпайды.

Ғалымдардың ойынша, өнертабыс тұрғындарға вакцина салу кезінде көмектеседі. Сонымен қатар ине арқылы ауру тарау қауіпін төмендетеді. 

“Біз ойлап тапқан инесіз инъекция технологиясы өте маңызды. Себебі инеден қорқатын адамдар алаңсыз вакцина салғыза алады. Лазер миллисекундта қоспаны қыздырып, ұсақ көпіршіктер пайда болады. Бұл көпіршкітер қоспаны итереді”, – деп түсіндірді Твенте университетінің профессоры Дэвид Фернандес.

Тағы да оқыңыз: