Kyzylorda-news.kz. Аустралияның Квинсленд штатындағы Бергхофер ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары ас қорыту жүйесінің аурулары мен коронавирус арасындағы байланысты анықтады. Зерттеу нәтижелері Human Molecular Genetics журналында жарияланды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Зерттеу авторларының айтуынша, қышқыл рефлюксінің дамуына генетикалық бейімділік (күйдіретін өңеш қышқыл-өт рефлюксі) коронавирустың ауыр өтуіне ықпал етеді.

“Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруын қоздыратын гендер COVID-19-дың ауыр өтуі мен ауруханаға жатқызу қаупін 19 пайызға арттырумен байланысты”, – делінген ғылыми жұмыста.

Сондай-ақ, гастроэзофагеальді рефлюкс ауруында коронавируспен ортақ қауіп факторлары бар екені белгілі болды, олардың арасында семіздік, гипертония, жүрек-тамыр аурулары және қант диабеті бар.

“Біздің нәтижелеріміз гастроэзофагеальді рефлюкс ауруы коронавируспен ауруханаға жатқызу қаупін арттыруда рөл атқарады деп болжайды”, – дейді ғалымдар.

Тағы да оқыңыз: