Алдағы 10 жылда кит пен дельфиндер жойылып кетуі мүмкін – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Алдағы 10 жылда кит пен дельфиндер жойылып кетуі мүмкін

17.10.2020, 11:00

94 0

Kyzylorda-news.kz. Әлемнің 40 еліндегі 350-ден астам ғалым мен табиғатты қорғаушылар кит және дельфиндердің мекендеу ортасын сақтауды талап еткен ашық хатқа қол қойды. Өйткені оларға климаттың өзгеруі мен адам әрекеті қауіп төндіріп тұр.

Солтүстік тегіс киттерінің өсуі күрт баяулады

Ғалымдар сүтқоректілердің бұл түрі алдағы он жылда жойылып кетуі мүмкін дейді. Оған себеп – теңіз бен мұхиттардың ластануы.

«Біз киттерді қорғауға арналған бұл ашық хат ғалымдар, саясаткерлер мен қоғам ұйымдарының назарын тартады деп ойлаймыз. Осы арқылы болашақта мұхиттардағы тіршілік сақталады деп үміттенеміз», – дейді Бристоль университетінің өкілі Марк Симмондс.

Аталмыш ашық хатқа бүкіл әлем зерттеушілері қол қойған.

Киттерді құтқару

«Киттерді құтқару» ұраны кит аулауға қарсы күрес науқаны аясында өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары басталды.

Содан бері киттер популяциясы біршама қалпына келді, бірақ жаңа ғасырда жаңа қауіп пайда болған. Атап айтқанда: мұхиттың ластануы (пластикалық қалдықтардың салдарынан), климаттың өзгеруі, сондай-ақ сауда кемелерінің киттерге қауіп төндіруі.

Кейінгі уақытта балық аулау өнеркәсібі ең үлкен қауіпке айналды. Жыл сайын 300 мың дельфин мен кит траулер торына түсіп қалады. Осының салдарынан киттер мен дельфиндер жойылып жатыр. Әсіресе Солтүстік тегіс киті (eubalaena glaciali) ерекше қауіп-қатерге ұшырайды. Бүгінде олардың тек жүз шақтысы ғана қалған.

Хат авторлары аталмыш жануарлар санының күрт төмендеуін алдын алуға болатынын, бірақ бұл сүтқоректілерді қорғаудың қажет шараларын саясаткерлер қолдамағанын айтты.

Ғалымдар ашық хат теңіз сүтқоректілерін құтқару үшін күресте көмектеседі деп үміттеніп отыр.

Киттер жойылса не болады?

Былтыр ғалымдар жаһандық жылынудан ағаштар емес киттер құтқаратынын мәлімдеген болатын. 2050 жылы адамзаттың өліміне жол бермеу үшін ғалымдар көмірқышқыл газын сіңіріп, парник әсерінің қаупін төмендететін ағаш отырғызуды мүмкіндігінше қарастырып жатыр. Алайда жаһандық жылынумен күресу үшін 189 елге ақша бере алатын Халықаралық валюта қорының қызметкерлері жақында ағаш отырғызудың орнына адамдар киттің популяциясын қорғап, қалпына келтіруі керек деп мәлімдеді. 

Time басылымы Ақша Қорының профессорлары жақында киттердің көмірқышқыл газын сіңіру қабілетінің бар екенін анықтағанын жазды. Олардың есептеулеріне сәйкес, үлкен кит түрлерінің әрқайсы орташа есеппен 100 жыл өмір сүргенде шамамен 30 тонна көмірқышқыл газын сіңіреді. Сонымен бірге бір ағаш бір жылда 22 келі көмірқышқыл газын бейтараптайды, яғни бір ғасырда 2,2 тоннадан аспайды. Осы көрсеткіштерді салыстыра отырып, киттердің ғаламдық жылынуға қарсы күресте өсімдіктерден гөрі едәуір маңызды рөл атқаратыны белгілі болды.

Massaget.kz

0

Пікір қалдыру