Kyzylorda-news.kz. Демократиялық үрдістің бастауы болған ауыл әкімдерінің сайлау науқаны аяқталды. Сыр еліндегі саяси науқанның өту барысы мен дауыс берушілердің белсенділігі туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғалым Баймырзаев баспасөз брифингте баяндады.

1 тамыз күні екі бірдей ауыл әкімі сайланады. Сайлау Арал ауданының Аққұм ауылдық округі мен Шиелі ауданының Талаптан ауылдық округінде өтті. Дауыс беру барлық учаскелерде Конституциялық заңға сәйкес жүргізілді, құқық бұзушылықтар анықталған жоқ, арыз-шағымдар түскен жоқ.

Брифингте облыстық сайлау комиссиясы төрағасы Ғалым Баймырзаев сайлау қорытындыларын таныстырды.

«Сайлау барлық талаптарға сай өткізілді. Қорытынды ақпарат бойынша 2850 адам өз таңдауын жасады. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 80,8% алды. Оның ішінде, Арал ауданында, Аққұм ауылдық округінде – 72,3 %. Шиелі ауданында, Талаптан ауылдық округінде – 85,7 %», – деді Ғалым Баймырзаев.

Еске сала кетейік, 25 шілде күні өткен сайлауға қатысу үшін барлығы 151 адам өз кандидатурасын ұсынды, оның 131-сі немесе 86,8%-і тіркеуден өтті. Сайлау бюллетеніне 122 кандидат енгізілді. Саяси партиялардан 35 адам ұсынылды. Оның ішінде «Nur Otan», «Ауыл», «ADAL», Қазақстан халық партиялары бар. Сондай-ақ, өзін-өзі ұсыну бойынша – 5 адам.

Өткен аптада сайланған 40 әкімнің 10-ы мемлекеттік қызметшілер, 22 – нақты ауылдық округте қайта сайланған жұмысі степ жүрген әкімдер, 5 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, 3-уақытша жұмыс істемейтін азаматтар. Сайланған 40 әкімнің арасында бір әйел азаматша бар.

Тағы да оқыңыз: