Kyzylorda-news.kz Белгілі ирандық геолог, ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарктер кеңесінің мүшесі, геотуризм саласының халықаралық сарапшысы Алиреза Амриказеми Қызылорда облысына іссапармен арнайы келген болатын.

Халықаралық сарапшы өңірге жасаған жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев және Алматы қаласындағы ЮНЕСКО өңірлік кеңсесінің жаратылыстану ғылымдары бағдарламасының мамандарымен бірге Қазалы ауданындағы республикалық сипаттағы археологиялық ескерткіш – Жанкент қалашығымен танысты.

Қазалы ауданына арнайы жұмыс сапарымен келген қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Мұрат Әбсұлтанов күтіп алып, тарихи орынға апарады.  

Сапардың негізгі мақсаты – тарихи нысандарды сақтау, қорғау және оларды халықаралық деңгейде ілгерілету бағытындағы жұмыстарды жетілдіру, сондай-ақ өңірдің туристік және ғылыми әлеуетін арттыру.

Іс-сапар барысында VII-ХІ ғасырлардағы Оғыздардың астанасы болған Жанкент қалашығының археологиялық ерекшеліктері, тарихы таныстырылып, оның туристік әлеуетін дамыту перспективалары талқыланды. Ортағасырлық қаланың тарихи ерекшелігі мен туристік бағыттағы әлеуеті сарапшы тарапынан жоғары бағаланды.

Аталған маңызды қадам өңірдің тарихи-мәдени мұрасын әлемдік деңгейде танытуға және туризм саласын дамытуға жаңа серпін беруге мүмкіндіктер болады.

Айта кету керек, Алиреза Амриказеми – геомұраларды сақтау мен тұрақты туризмді дамыту саласында мол тәжірибесі бар беделді халықаралық сарапшы. Ол әлемнің көптеген елдерінде геопарктерді қалыптастыру және дамыту жобаларына қатысып, кәсіби қауымдастықта жоғары беделге ие.

Геотуризм саласының халықаралық сарапшысы2.jpg

Тағы да оқыңыз: