Kyzylorda-news.kz Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті, – деп хабарлайды Қазақпарат.

Комитет мәліметінше, кездесу барысында ҰОК басшысы спортшыны 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіп алған алтын медалімен құттықтады.

Еске сала кетейік, Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ жарып, соңғы 26 жылда және XXI ғасырда Қазақстанның грек-рим күресіндегі алғашқы алтын жүлдесін ел қоржынына салды.

– Айдос жоғары шеберлік пен табандылық танытты. Оның жеңісі – көп жылғы еңбектің және мақсатқа жүйелі түрде ұмтылудың нәтижесі. Бұл жетістік тек грек-рим күресі үшін ғана емес, жалпы қазақ спорты үшін де үлкен маңызға ие. Енді осы қарқынды сақтап, Лос-Анджелестегі Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындықты жалғастыру қажет. Ұлттық Олимпиадалық комитет өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын. Айдосқа жаңа олимпиадалық маусымда сәттілік пен табыс тілеймін, - деді Геннадий Головкин.

Фото: ҚР ҰОК

Тағы да оқыңыз: