Kyzylorda-news.kz «Қызылорда газ тарату жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі мақсаты – халыққа сапалы және қауіпсіз газды жеткізуді ұйымдастырып, ақау болған жерлерді жөндеу болып табылады. Мысалы, бір көше бойында су құбырлары ауыстырылып жатқанда газ құбырларына зақым келуі мүмкін. Сол кезде біздің мамандар оны қалпына келтіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. 

Газ берілгенде ең бастысы – қауіпсіздік. Көгілдір отын берілгенде заңдылыққа сәйкес тиісті құжаттар рәсімделеді. Ең бастысы, техникалық шарт алуы міндетті. Ол үшін ауыл тұрғыны жеке куәлік, тұрғын үйдің мемлекеттік актісі, тұрғын үйдің техникалық паспорты, меншік иесінің анықтамасы құжатын әкеліп, өтініш жазады. Сол арқылы техникалық шарт беріледі. Техникалық шарт берілгеннен кейін, тұрғын үй иесі газ монтаждау жұмыстарымен айналысатын арнайы лицензиясы бар мекемемен келісімшартқа отырып, монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталғаннан кейін, монтаждау жұмыстарымен айналысқан арнайы лицензиясы бар мекеме атқарушы-техникалық құжатты «Қызылорда газ тарату жүйесі» КММ әкеліп өткізеді. Барлығы талапқа сай болғанда, мамандарымыз арнайы барып, тұрғын үйді көгілдір отынға қосады.

Қазіргі таңда Сырдария ауданы, Асқар Тоқмағанбетов ауылы мен Сәкен Сейфуллин ауылында газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай, ауыл тұрғындарымен кездесу өткізілді. Ауыл тұрғындарымен жүздесу барысында мекеменің жұмысының мақсатын және газ жүйесіне қосылу үшін қандай құжаттар өткізілу керектігі айтылды. Осы тұста, ауыл тұрғындарына мекеменің Тереңөзек учаскесі Тереңөзек кенті, Ғ.Мұратбаев көшесі №50 мекен-жайында орналасқаны хабарланды.

Тағы да оқыңыз: