Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұрат Ергешбаев, партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, Сенат депутаттары, партия мүшелері Наурызбай Байқадамов пен Руслан Рүстемов ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған Дүр Оңғар, Иіркөл және Төребай би ауылдарына газ құбыры мен орамішілік газ желісін тарту жобасымен танысты.

Дүр Оңғар ауылына газ тарту жобасының жалпы құны 7 млрд. 172 млн. теңгені құрайды. Қазіргі таңда «МБК Құрылыс» ЖШС мен құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 2024 жылы облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге биыл Ұлттық Қордан 5,2 млрд. теңге қаржы қаралып отыр. Жоба аясында 86,9 шақырым газ құбыры тартылып, 3 газреттегіш шкафты пункттер орнатылмақ.

Ал, Иіркөл және Төребай би ауылдарына газ желілерін тарту жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынған. Тиісті басқармаларға бюджеттік өтінім өткізіліп, нәтижесінде 2025 жылғы маусым айындағы нақтылауында облыстық бюджеттен жиыны 643,4 млн. теңге қаржы қаралған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізуде.

Мәжілістегі фракция мүшесі Мұрат Ергешбаев партияның сайлауалды бағдарламасына енген жобаның сапалы және мерзімінде халық игілігіне берілуі қатаң бақылауда екенін атап өтті.

Жалпы өңірде газдандыру деңгейі 78 пайызға жетті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 83 пайызға дейін жеткізу көзделуде.

Тағы да оқыңыз: