Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық «Славяне» қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Щербакова Галина Сергеевна Ресей Президенті Владимир Путиннің Жарлығымен мемлекеттік награда А.С.Пушкин медалімен марапатталды.
Щербакова Галина Сергеевна - 1955 жылы 9 қазанда Беларусь Республикасы, Брест облысы, Барановичи қаласында дүниеге келген.
1976 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогигалық институтының Филология факультетін бітірген.
1976-1984 жж. №411, №8 орта мектептерінің мұғалімі, оқу меңгерушісі, мектеп директоры.
1984-1994 жж. қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, халық депутаттарының қалалық кеңесі төрағасының орынбасары, кадр бөлімінің басшысы.
1994-2014 жж. облыстық салық департаменті жалпы бөлімінің басшысы болды.
«ҚР Конституциясы 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл», «Қазақ Хандығына 550 жыл», Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медальдары, ҚР Президентінің Құрмет грамотасы, ҚР қаржы министрлігінің, салық комитеті төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Щербакова Галина Сергеевна облысымыздағы ең ірі этномәдени бірлестіктердің бірі – Славяне орталығын 1998 жылдан бері басқарып, жұмысын жүйелеп, негізін қалады. Бүгінгі күні Сыр өңірінде 16 мыңға жуық славян этносы бар. Үстіміздегі жылы бірлестіктің 25 жылдық мерейтойы аталып өтті. Бірлестік мүшелері облыс көлемінде қоғамдық-мәдени шараларға белсенді қатысып, мәдени-көпшілік іс-шаралар, концерттер, байқаулар және т.б шаралар өткізіп, славян халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін және тілін сақтап, дамытып келеді.


