Kyzylorda-news.kz. Талдықорғандық «Жетісу» футбол командасының ойыншылары соңғы турдағы ірі жеңілістен кейін өзара қақтығысып қалған.

Бір адам ауруханаға түсті. Жанжалды бастаған екі қазақстандық футболшы клубтан қуылуы мүмкін. «Жетісу» футбол командасы өз алаңында «Ақтөбеден» ірі есеппен жеңілгеннен кейін өзара қақтығысып қалды. Салдарынан бір футболшы ауруханаға түсті. Бұл туралы Телеграмм-арналарының бірі хабарлады.

Әлеуметтік мессенджердің авторы былай жазған: «Мен бұл оқиғаның мән-жайын анықтадым. Талдықорғандық клубтың екі тәжірибелі футболшысы – Бауыржан Тұрысбек пен Александр Кислицын өздерінен жасы кіші командаластарын алаңда барын салып ойнамағаны үшін кінәлаған. Бұған жас ойыншыларды қорғап, Аслан Жанұзақов қарсы шыққан. Сөйтіп аяқдопшылар бір-біріне жұдырық жұмсаған. Енді Тұрысбек те, Кислицын да «Жетісудан» қуылуы мүмкін». «Жетісу» турнирлік кестеде 1 ұпаймен көш соңында тұрғанын айтып кету керек.

Тағы да оқыңыз: