Kyzylorda-news.kz Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Жорабек Нұрымбетов партия алаңында кестеге сай қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар көшеге жол салу, яғни асфальттау, «Сыр - Ана» кешені артында орналасқан Болашақ көшесі ресми қаланың архитектуралық картасына тіркелмеу салдарынан такси, жедел жәрдем қызметін шақырту, келтіруі қиындық тудырып жатқанын және Тасбөгет кентіндегі қоғамдық автокөліктер жүретін көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, оңжағалау каналының бойында су жығып, тұрғындардың үй-жайларына қауіп төндіріп тұрғанын алға тартып, сол аумақтарды үлкен тастармен жабу қажеттілігін білдірді.
Фракция жетекшісі азаматтардың мәселелері бойынша жан-жақты зерттеу жүргізіп, жүзеге асырылуына жұмыс жасайтынын жеткізді.
Тасбөгет кенті бойынша көтерілген мәселелер бойынша мәслихат депутаты ретінде қаржы бөлінуіне атсалысқанын, бүгінгі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізіліп жатқаны түсіндірілді.
Қабылдау барысында аталған барлық мәселе жеке бақылауында болып, жүзеге асырылуы бойынша тиісті шаралар қабылданатынын айтты.
