Kyzylorda-news.kz Партия алаңында Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мағжан Ералиев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік және кәсіпкерлік бағыттағы өтініш-тілектерін жеткізді. Атап айтқанда, қала тұрғыны «Қазақ Зағиптар Қоғамы» қоғамдық бірлестігі жанындағы оқу-өндірістік кәсіпорындағы ЖШС-ке қарасты зағип жандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «мақта түту» цехын толықтай жаңадан салу және қайта қалпына келтіруге ықпал етуді сұрады.

Фракция мүшесі көтерілген мәселелер бойынша заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау жолдары қарастырылатынын атап өтті. Мұнан бөлек кейбір азаматтарға  әлеуметтік көмек көрсетілді. Барлық өтініштер бақылауға алынып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Тағы да оқыңыз: