Kyzylorda-news.kz Партия алаңында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Гүлшат Мұсаева азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, қала аумағындағы көшелердің бірін асфальттау қажеттігі жөнінде ұсыныс білдірілді. Бұл мәселе тиісті мекемелермен жан-жақты зерделеніп, алдағы уақытта нақты шешім қабылдау үшін қосымша жұмыстар жүргізілетіні хабарланды. Сондай-ақ, аталған аумақта жол жөндеу жұмыстары жоспарға енгізілгені жөнінде түсіндірме берілді.
Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үй ауласындағы қоқыс жәшіктерінің алынып тасталып, қайта орнатылмауына байланысты мәселе көтерілді. Осыған орай, тиісті сала өкілдерімен байланыс орнатылып, аталған мәселе бақылауға алынды.
Барлық көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы партия бақылауында болады.
Алдағы уақытта мұндай мәселелер шешімін тауып, «AMANAT» партиясы тарапынан көмек көрсетіліп, барлық тиісті тапсырмалар бойынша бақылау жүргізілетін болады. Бұл жөнінде фракция мүшесі тұрғындармен кездесу барысында айтып, мәселелердің барлығы толыққанды шешімін табатынын жеткізді.
