Kyzylorda-news.kz Партия алаңында облыстық мәслихаттағы "AMANAT" партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ержан Искендер қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтадың өтініш-пікірін тыңдады.
Қабылдауға келушілер әлеуметтік мәселелер, көшеге асфальт төсеу және өзге де тақырыптар бойынша өтініштер мен ұсыныстарын айтты.
Фракция мүшесі барлық сұрақтар бойынша заң нормаларын түсіндіріп, мәселелерді жеке бақылауына алатынын айтты. Әлеуметтік мәселелер бойынша әлеуметтік қорғау мекемелеріне хабарласып, өтініш иесінің мәселесін бірлесіп қарауға ұсыныс білдірді.
Көшеге асфальт төсеу өтініші бойынша құзырлы мекемеге сауал жолдап, мәселенің оңтайлы шешілуін жеке бақылауына алатынын жеткізді.
"Әрбір өтініштің орындалуы өзімнің тікелей бақылауымда болады. Дегенмен кейбір өтініштер қаржы мен уақытты талап етеді. Сондықтан тиісті мекемелермен бірлесіп, мазмұнына сай жұмыс жасаймыз"-деді Ержан Искендер.
