Kyzylorda-news.kz Партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мағжан Ералиев кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. 

Қабылдауда болған тұрғындар әлеуметтік қолдау шаралары және денсаулық сақтау саласындағы жобаларды ілгерілету бойынша мәселелерін көтеріп, шешілуіне көмек көрсетуді сұрады.

Фракция мүшесі қабылдау барысында көтерілген өтініштерді жан-жақты зерттеп, шешу мүмкіндіктері қаралатынын жеткізді. ҚР Қолданыстағы заңнамалары негізінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, әлеуметтік қолдау және денсаулық сақтау салаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды. 

Депутат барлық мәселені жеке бақылауына алып, шешілуі бойынша өтініш иелеріне қосымша хабар берілетінін түсіндірді. 

Тағы да оқыңыз: