Kyzylorda-news.kz Облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Алмас Алтынбайұлы Рахметов тұрғындармен жүйелі түрде кездесіп, елдің мұң-мұқтажына құлақ асып келеді. Жуырда ол "AMANAT" партияның облыстық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізіп, халықтың өтініш-тілектеріне назар аударды.

Қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі – Сырдария ауданының тұрғыны, "Dos" вокалды ансамбль жетекшісі. Ол өз өнер ұжымының шығармашылық жұмысына қажетті музыкалық аппаратура сатып алу үшін қаржылай қолдау көрсетуді сұрады.

Өнер – халықтың рухани айнасы. Бұл саланың дамуына үлес қосу – ел болашағына салынған инвестиция десек, артық айтқандық емес. Осыны терең түсінген Алмас Алтынбайұлы тұрғынның өтінішін жерде қалдырмай, өз жеке қаражатынан 200 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.

Өтініш иесі А.Рахметовке және облыстық «AMANAT» партиясының филиалына шынайы алғысын білдіріп, бұл көмектің ансамбль жұмысына үлкен серпін беретінін жеткізді.

«Халықпен бірге» деген ұранды берік ұстанған халық қалаулысының бұл әрекеті – қоғамға қызмет етудің жарқын үлгісі. Осындай жанашыр азаматтардың арқасында ел еңсесі биіктеп, талай түйткілді мәселе шешімін табатыны сөзсіз.

Тағы да оқыңыз: