Kyzylorda-news.kz Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракция мүшесі, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы партия алаңында кестеге сәйкес қабылдау өткізді.
Қабылдауға келушілер тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, әлеуметтік көмек көрсету және өзге де тақырыптар бойынша өтініштері мен ұсыныстарын білдірді.
Н.Бақытбекұлы қабылдауға қатысқан тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдап, көмек көрсету мүмкіндігі қаралатынын және құзырлы мекемелермен бірлесіп мәселелердің оң шешілуіне ықпал жасайтынын жеткізді.
Қабылдау барысында аталған мәселелер бойынша тиісті органдарға депутаттық сауал жолдап, заң аясында шешілгенше өз бақылауына алатынын білдірді.
