Kyzylorda-news.kz.  Бүгін «AMANAT» партиясы облыстық филиланың қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихат  депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі  Қайрат Нұрсейтов қабылдау өткізіп, азаматтардың ұсыныс тілектерін тыңдады. 

Қабылдауға 5 азамат өтінішпен келді. Мәселен қала тұрғыны  Назаров салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында құрылған «Қорқыт ата 45+» футбол командасына жанкүйер болып, ойыншыларды толықтай формамен қамтамасыз етуге спонсорлық көмек көрсетуді сұраса, басқа келушілер фракция мүшесінен әлеуметтік қолдау көресту жөнінде өтініш білдірді.

Халық қалаулысы барлық мәселені өз назарына алып, алдағы уақытта қолдау көрсететіндігін жеткізді.

Жалпы партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жыл басынан тұрғындардан 116 өтініш түсіп, олардың 61 оң шешілді. 55 азаматқа заң аясында кеңес берілді.

69abc26b-de42-4ea6-8f07-5c24ba497cff.jpg

 

c9a72d1f-7a80-40aa-af47-0e7c12af4748.jpg

Тағы да оқыңыз: