Kyzylorda-news.kz Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ералиев Мағжан Абзалұлы партия алаңында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындарды толғандырған мәселелерін тыңдады.
Тұрғындар қабылдау барысында әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету, мүгедектік арбасын ауыстыру мерзімін қысқарту, коммуналдық төлемдер мен медициналық қызмет көрсету тақырыптарында өтініштері мен ұсыныстарын ортаға салды.
Фракция мүшесі аталған мәселелерді жан-жақты зерттеп, құзырлы мекемелерге депутаттық сауал жолдайтынын және жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыратын болды.
Сонымен қатар өтініш иелеріне әлеуметтік қолдау көрсетіп, барлық мәселе жеке бақылауында болатынын айтты. Тұрғындарға партиялық жобалар жайлы кеңестер беріп, алдағы уақытқа жоспарланған шаралармен бөлісті.