Kyzylorda-news.kz. Бүгін «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Алмас Рахметов Байқоңыр қаласы, Төретам кенті және Ақай ауылдық округінің тұрғындарын қабылдады.
Төретам кентінің ардагері А.Нағыметов, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде қаңғыбас иттердің санын азайту үшін тиісті шараларды жүргізу туралы өтініш білдірді.
Келесі болып қабылдауға кірген Байқоңыр қаласының тұрғыны Ш.Махмудова Төретам кентінің «Билайн» ұялы байланыстың сапалы сигналын қамтамасыз етуіне ықпал етуін сұрады. Қоғамдық қабылдауға жазылған У.Азирбаев кентімізге мал жайылымына жер бөлуіне сонымен қатар жем-шөп мәселелері көтерілді. Қала тұрғыны Ұ.Оразова «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 2023 жылғы өзгерістер мен қарастырылған жеңілдіктер туралы сұрады. Ақай ауылының тұрғыны С.Смаханова жұмыссыз азаматтарға арналған денсаулық сақтандыру қоры туралы қарасытыруын сұрады.
Депутаттық фракциясының мүшесі А.Рахметов қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, тез арада мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы жеткізді.