Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы алаңында облыстық мәслихаттағы депутаттық  фракциясының мүшесі, партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы қоғамдық қабылдау өткізіп,  тұрғындар өтініштерін тыңдады. 

Қабылдау барысында азаматтардан  әлеуметтік қолдау, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жандарға көрсетілетін көмектер және өзге де қоғамдық мәселелер бойынша өтініштер мен ұсыныстар ортаға салынды. 

Нұркен Бақытбекұлы аталған мәселелерді жан-жақты зерттеп, құзырлы мекемелерге депутаттық сауал жолдайтынын, ұсыныстарын жүзеге асыру барысы қатаң бақылауында болатынын айтты. 

Келушілерге партияның бағдарламасы аясында атқарлып жатқан шаралар таныстырылып, алдағы жоспарлар түсіндірілді.

Тағы да оқыңыз: