Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясы облыстық филиалы алаңында облыстық мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Абибуллаева Аида Ибрагимқызы қоғамдық қабылдау өткізіп, азаматтар өтінішін тыңдады.
Қабылдауға келушілер тұрақты жұмысқа орналасу, еңбек дауларын шешу және өзге де тақырыптар бойынша өтініштерін білдіріп, ұсыныс-тілектерін ортаға салды.
Аида Абибуллаева барлық келушіге заң нормалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тиісті мекеме басшыларымен тікелей байланысу арқылы мәселелерді оңтайлы шешу бойынша ұсынысын білдірді.
Фракция мүшесі қабылдау барысында аталған мәселелер бойынша жазбаша өтініш жаздыртып алып, түбегейлі шешілгенше өз бақылауында болатынын айтты.