Kyzylorda-news.kz “AMANAT” партиясы алаңында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Рахметов Алмас Алтынбайұлы кестеге сәйкес қоғамдық қабылдау өткізді.

Фракция мүшесінің қабылдауына келген азаматтар ауыз су, табиғи газ мәселесі, әлеуметтік қолдау шаралары және де науқас баласының еміне қаржылай көмек көрсету тақырыптар бойынша өтініштерін білдірді.

Өз кезегінде Алмас Алтынбайұлы айтылған мәселелерді шешу жолдарын ұсынып, заң нормалары аясында түсіндірме жүргізді.  Тиісті мемлекеттік мекемелермен байланыс орнатып, аталған мәселелердің шешілу жолдарын қарастырды.

Сонымен қатар, науқас баланың еміне қаржылай көмек көрсетті. Қабылдау барысында аталған барлық мәселе жеке бақылауда болып, оң нәтижеге қол жеткізу үшін тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.

Тағы да оқыңыз: