Kyzylorda-news.kz   Партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Шәменова Балжан Мөрәліқызы қабылдау өткізді.

Қабылдау барысында қала тұрғындары қоғамдық және әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар, соғыс ардагерлері үшін әлеуметтік қолдау шаралары, қала аумағындағы көшелерді газдандыру және өзге де тақырыптар бойынша мәселелерін атады.

Қаржыландыруды талап ететін мәселелер бойынша бюджеттік-сметалық құжаттарды жасақтау, мемлекеттік сараптамадан өткізу және қаражат бөлу жұмыстары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұсыныстарды құзырлы мекемелермен талқылап, жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралатыны айтылды.

Б. Шәменова қабылдау барсында аталған мәселелерді фракция мүшесі ретінде қадағалап, ұсыныстардың орындалуын өз бақылауында ұстайтынын жеткізді. 

Тағы да оқыңыз: