Kyzylorda-news.kz  Қызылорда облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұхтар Ниязов партияның облыстық филиалы алаңында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады.

Қабылдау барысында азаматтар көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салуға ықпал ету, сондай-ақ жұмыспен қамтуға байланысты көмек көрсету жөнінде өтініштерін жеткізді.

Мәслихат депутаты көшені жарықтандыру мәселесіне қатысты тиісті уәкілетті органдарға хабарласып, алдағы уақытта қойылған талаптар негізінде түйткілдердің шешілуіне ықпал етуге бағытталған ұсыныстарын білдірді.

Тағы да оқыңыз: