Kyzylorda-news.kz. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері М.Жайымбетов пен М.Абенов Қармақшы ауданында болды.
Халық қалаулылары ең алдымен "Жалағаш Жосалы" автомобиль жолының қираған учаскелерін күрделі жөндеу жұмыстарын аралаудан бастады. 2023 жылдың 7 наурызында Сырдария өзенінен көп мөлшерде су өтуіне байланысты, келген су өзен арнасынан тасып облыстық маңызы бар "Жосалы - Жалағаш" автомобиль жолының 31,1км-гі көпірді, су өткізгіш құбырларды және асфальт қабаттарын су шайып бірнеше жерден бұзылған болатын. Жол бойындағы елді мекен тұрғындарын дер кезінде көлік қатынасымен қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 26 маусымында мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Құрылыс алаңында қазіргі уақытта 20 адам 13 техника жұмыс жасауда. Бұзылған көпірдің 16 дана плитасы қайта қалпына келтірілген. Жұмыстың аяқталу уақыты ағымдағы жылдың қыркүйек айы екендігін ескере отырып мәжіліс депутаттары мердігер мекеме өкіліне құрылысты сапалы әрі мерзімінде орындалу керектігін тапсырды.
