Kyzylorda-news.kz. «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» партиялық жоба аясындағы дәстүрлі «Баланы мектепке даярлайық!» акциясына облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, Бақдәулет Махашов, Мұхтар Ниязов және Мағжан Ералиев өз үлестерін қосты.

Фракция мүшелері жалпы құны 730 мың теңге көлемінде әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың 43 баласына көмек көрсетті.

Жалпы айта кетейік, «AMANAT» партиясының облыстық филиалы «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы аясында өңірдегі 1000-ға жуық оқушыны мектепке дайындауды жоспарлаған болатын. Бүгінге партия белсенділері, мәслихаттардағы фракция мүшелерінің қолдауымен 800-ден аса балаға мектеп құралдары мен мектеп формалары табысталды.

Тағы да оқыңыз: