Kyzylorda-news.kz. ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері М.Жайымбетов пен М.Әбеновтың жұмыс сапары Дүр Оңғар ауылында жалғасын тапты. Депутаттар ауылдың ахуалымен танысып, тұрғындармен сұқбаттасты.

Қазіргі таңда аталған ауылда құрылыс қарқынды түрде жүргізілуде. Атап айтқанда партияның Сайлауалды бағдарламасының Жол картасы бойынша дене шынықтыру-сауықтыру кешені және дәрігерлік амбулатория салынуда. Сондай-ақ жарықтандыру мен көшелерге жөндеу жұмыстары да жүргізілілмек.

Мәжілісімендер ауылдағы тындырымды тірлікті саралап, партия бағдарламасынан туындайтын міндеттердің орындалысын бағамдады.

Тағы да оқыңыз: