Kyzylorda-news.kz. Бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Жорабек Нұрымбетов, Алмас Рахмет және Нұркен Бақытбекұлы партияның «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына қолдау ретінде ұйымдастырылып жатқан «Баланы мектепке дайындайық!» акциясына үлестерін қосты.
Халық қалаулылары 650 мың теңгеге 130 балаға мектеп сөмкелерін сыйға тартты.
«Өзім көп балалы анамын. Жыл сайын партия тарапынан жаңа оқу жылына көмек алып тұрамын. Бүгін де бізді назардан тыс қалдырмаған екенсіздер. Сіздерге алғысым шексіз»-деді Тасбөгет кентінің тұрғыны.
Айта кетейік республикалық акция аясында елімізде 45 мыңнан астам оқушыға көмек көрсету жоспарланған болатын.
