Kyzylorda-news.kz. «Күміс теңге» операциясы» атты балаларға арналған қаржы детективінің төртінші шығарылымында бас кейіпкерлер Мұрат, Ерке және Алишаның шытырман оқиғалары жалғасады.

Балалар «өз қалтасындағы қазынаны» қалай табуға болатынын, үнемдеуді үйрене отырып, бүкіл отбасы бюджетті қалай көңілді жүргізе алатынын және «Тиын теңге үнемдейді» деген мақал нені білдіретінін біледі.

Шығарылымда «Қаржылық мақсаттар қоюды және оларға жетуді қалай үйренуге болады» деген оқыту комиксі және «Ақшаға ие болу жеткіліксіз, оны жұмсай білу керек» деген ойын бар, бұл жас оқырмандарға өткен материалды бекітуге мүмкіндік береді.

Балаларға арналған қаржы детективі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаржылық сауаттылық бойынша арнайы қосымшасы аясында «Дружные ребята» және «Ұлан» республикалық газеттерінде шығатынын еске саламыз. Ол бастауыш және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.

Толығырақ «Балаларға арналған қосымшалар» деген бөлімнен оқыңыздар!

Әлишаның кеңестері
 
Отбасылық бюджетті үнемдеу – бұл өзіңді барлық жағынан: дәмді нәрседен, киім-кешек алудан, ойын-сауықтан шектеу деген сөз емес. Бұл өз қаражатыңды дұрыс пайдалануға мүмкіндік беретін жақсы дағды және ол сенің әдетіңе айналуға тиіс! 

1. Дүкенге барар алдында қажетті заттардың тізімін жасап ал – осылайша сен артық ештеңе сатып алмайсың. Жеңілдік карталарын және басқа да мүмкіндіктерді пайдаланып, қажетті өнімді арзанырақ сатып ал.
2. Заттың сапалысын ал, олар ұзаққа жарайды.
3. Есіңде болсын, хэндмейк – қолөнер бұйымдары – әрқашан сәнді болған және бола бермек.
3. Электр қуатын, газ бен суды үнемде, пайдаланбайтын кезде өшіріп қой. Энергия үнемдейтін шамдар кәдімгі шамдарға қарағанда біршама қымбатқа түседі, бірақ ұзақ қызмет етеді және электр қуатын аз жұмсайды.
4. Фаст-фудтан бас тарт, олар қымбат әрі зиянды. Ата-анаңмен бірге дәмді және пайдалы тамақ әзірлеп үйрен.
5. Тұрмыстық техниканы дұрыс пайдалануға тырыс, оның өзі де, жөндеуі де қымбат.
6. Өз заттарыңа ұқыпты бол.


Қаржылық мақсат қоюды және оған қол жеткізуді қалай үйренуге болады?

1. Өз кірісіңді бағала: қалтапұлдың айлық немесе апталық мөлшері, сандықшада жинақ ақшаның болуы.

2. Мақсатыңды анықта және оған қол жеткізу үшін қанша ақша қажет екенін және оған қанша уақыт кететінін көрсет.

3. Белгілі бір соманы тұрақты түрде кейінге қалдырып отыруға мүмкіндік болатындай етіп, кіріс пен шығыстың жоспарын жаса.

4. Мақсатыңа ақша жинауды баста.

 

6e82582b-4d0e-4c06-89cc-7d66ffd50463.jpg

 

Тағы да оқыңыз: