Kyzylorda-news.kz Бүгін «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай филиал ұжымымен аппарат жиынын өткізіп, алдағы жұмыстың негізгі міндеттерін айқындады.
Кеңес барысында филиалдың ағымдағы қызметінің негізгі бағыттары жан-жақты қаралып, құрылымдық бөлімшелердің жұмысы бойынша есептері тыңдалды.
Төраға өз сөзінде партия қызметінің сапасын арттыру және халықпен тұрақты байланыс орнату бағытында ұжымның үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтіп, алдағы кезеңде қойылған міндеттердің толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
