Kyzylorda-news.kz “AMANAT” партиясының облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
Онда мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекеттік қолдау шаралары, тұрғын үй-коммуналдық тақырыптар және кәсіпкерлікті қолдау бойынша өтініштер мен ұсыныстар айтылды.
Мүмкіндігі шектеулі жанның мүгедектік тобын қайтадан анықтау бойынша кеңестер беріліп, қолданыстағы заң нормалары түсіндірілді.
Қызылжарма ауылындағы жол мәселесіне тиісті сұратулар жүргізіліп, мәселе оңтайлы шешілгенше жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Кәсіпкерлік саласы бойынша ұсыныстарды жүзеге асыру мүмкіндіктері құзырлы мекемелермен бірлесіп қаралатыны және нәтижесі бойынша өтініш иесіне хабар берілетіні түсіндірілді.
