Kyzylorda-news.kz АҚШ-та TikTok жұмысын тоқтатқаннан кейін Еуропа елдері де аталмыш желіге тыйым салу идеясын көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Эстония сыртқы істер министрі Маргус Цахкна АҚШ-тан үлгі алып, TikTok-қа тыйымды Еуропада да қарастыру керегін айтты.
Мұны Эстония шенеунігі X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) жазды.
«Соңғы жылдары біз TikTok-тың жалған ақпарат таратып, сайлау кезінде манипуляциялау алаңына айналатынын көрдік. Оның үстіне ауқымды деректер жинауы қауіпсіздікке үлкен нұқсан белгілі. Еуропада да TikTok-қа тыйым салуды қарастырған жөн», – деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та TikTok желісіне тыйым салынғаны айтылды.
Фото: Нұрболат Нұржаубай